Микроқаржы омбудсманы – микроқаржылық ұйымдардың клиенттерінің құқықтарын қорғауға көмектесетін тәуелсіз уәкілетті тұлға. Оның негізгі міндеті – қарыз алушылар, микрокредиттік компаниялар және талап ету құқықтары берілген коллекторлық агенттіктер арасындағы дауларды шешуге жәрдемдесу. Омбудсман әр істі әділ әрі ашық қарастырып, клиенттердің мүдделерін қорғауға және заңнаманың сақталуын қамтамасыз етуге кепілдік береді.
Микроқаржы омбудсманының тағайындалуы туралы мәліметтер
🗓 Сайланған күні: 21 декабря 2024 года. 📜 Тағайындалу негізі: Өкілдер кеңесінің шешімі, №1 хаттама.
Микроқаржылы омбудсмен деген кім? Микроқаржы омбудсманы – жеке тұлғаның жəне микроқаржы ұйымының құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қанағаттандыру туралы келісімге қол жеткізу мақсатында, микроқаржы ұйымы мен жеке тұлға арасында жасалған микрокредит беру туралы шарттан туындайтын келіспеушіліктерді және микрокредит беру туралы шарт бойынша құқық (талап ету) берілген тұлға арасында туындайтын келіспеушіліктерді қарыз алушының жүгінуі негізінде реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тəуелсіз жеке тұлға микроқаржы омбудсманы болып табылады. Қарапайым тілмен айтқанда, егер Сізде микрокредит бойынша қиындықтар туындаса және Сіз МҚҰ-мен келісімге келе алмасаңыз, омбудсменге жүгінуге болады, ол мәселені шешуге көмектеседі.
Қарыз алушылар мен микроқаржылық ұйымдадың және коллекторлық агенттіктердің арасындағы сенімділікті қалыптастыру, азаматтардың құқықтарын қорғау және әділ шешімдерді қолдау.
Біздің міндеттеріміз
Микроқаржылық ұйымдар мен коллекторлық агенттіктер клиенттерінің өтініштерін қарастыру.
Дауларды бейбіт және әділ шешу жолдарын табу.
Микроқаржы секторындағы ашықтық пен сенімділікті арттыру.
Жауапты несиелендірудің дамуына ықпал ету.
Өкілдер кеңесі
Өкілдер кеңесінің құрамы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Біз микроқаржы ұйымдар мен коллекторлық агенттіктерге тәуелді емеспіз және тек әділдік мүддесі үшін жұмыс істейміз.
Ашықтық
Әрбір шағымды қарау үдерісінің толық ашықтығын қамтамасыз етеміз
Кәсібилік
Біздің команда кез келген жағдайда көмектесуге дайын тәжірибелі сарапшылардан тұрады
Құпиялылық
Сіздің барлық өтініштеріңіз толық құпиялылық қағидаттарын сақтай отырып қаралады
Біз қалай жұмыс істейміз?
1
Шағымды қабылдаймыз
Сіз бізге сайт арқылы, телефон немесе электрондық пошта арқылы жүгінесіз
2
Толығырақ мәлімет аламыз
Сіздің шағымыңызды мұқият зерттеп, барлық қажетті мәліметтерді нақтылау үшін сізбен байланысамыз
3
Дауды шешеміз
Сізбен бірге микроқаржылық ұйым немесе коллекторлық агенттікпен дауды шешудің оңтайлы жолын іздейміз.
Біз әділдік пен ашықтықты сенімді қарым-қатынастың негізі деп санаймыз. Микроқаржы омбудсманы – құқықтарыңызды қорғаудағы сенімді серіктес! Бізге хабарласыңыз, және сіздің мүдделеріңіздің қорғалғанына көз жеткізіңіз.
Байланыс ақпараты
Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Мынбаев көшесі, 53-ғимарат, 3-қабат, 321-кеңсе